Оқиға • 19 Ақпан, 2022

Атырауда қару тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда заңсыз қару тасымалдаумен айналысқан, 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп жазады Egemen.kz Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда қару тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды

Олар түрлі атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан.

Қылмыстық топ құрамында 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары бары анықталды. Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, Атыраудағы Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Күдіктілердің екеуі бұрын қарумен жасалған бұзақылық дерегімен істі болғаны анықталды. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.