Оқиға • 20 Ақпан, 2022

Жезқазғанда жаппай төбелес болды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда екі топ арасында жаппай төбелес болды. Төбелес шығарғандар ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Жезқазғанда жаппай төбелес болды

Оқиға түнде Жезқазған қаласындағы Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

Төбелес шамамен сағат 00.20-да орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ атылған. Сонымен қатар олар көлікті қиратқан. Бірнеше полиция жасағы екі-үш минут ішінде оқиға орнына келген.

«Оқиғаға қатысқандарды полиция қызметкерлері анықтап, Жезқазған қаласының полиция басқармасына жеткізді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деді қалалық полиция басқармасының өкілдері.