Қоғам • 21 Ақпан, 2022

Еңбекші жастарға үндеу жариялады

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылғы 18 ақпандағы Республикалық еңбекші жастар форумының қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан еңбекші жастарына үндеу жариялаған еді. Онда былай делінген.

Еңбекші жастарға үндеу жариялады

Құрметті құрдастар, қымбатты достар!

Қаңтар айының қасіретті күндерінде Қазақстан­ның болашағын ойлайтын әрбір жан еліміздің жауларының бейбіт шерулер мен жастар­ды қалаларымыздағы жағдай­ды тұрақсыздандыру үшін, ал қордаланған қайшылық­тарды, әділеттілік сезімін және игі өзгерістерге деген тілек­ті – қақты­ғыстарға, тәртіпсіз­діктерге және бүліктерге пайдалану әрекеттерін анық көрді.

Қазіргі күрделі және қиын кезеңде біз жастарды сындарлы ойлауға, өз мүдделерін барри­када арқылы емес, бей­біт жолмен қорғауға, кәсіп­одақ­тарға бірігу немесе жастар құ­ры­лымдарымен бірле­сіп мәсе­лелерді шешуге шақырамыз.

Біз тұрақты диалогта бірге болу және әр буынның барлық азаматтарының мүдделерін құрметтеу, заңды бұзбай, пайдалы шаруалармен айналысу, яғни тамаша оқу, адал еңбек ету арқылы ғана халқымыздың, аға буынның үлкен үміті мен сені­мін ақтай аламыз. Біз ел Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қуатты және өр­кен­деген мемлекет құру бағы­тын қол­даймыз. Тәуелді көз­қарастарды, мақсат­сыздықты және жұмыс істегісі келмеуді қабылдамаймыз.

Бүгінде халқымыз, сүйікті Отанымыз, Прези­дент бізден, өске­лең ұрпақтан үлкен жетіс­тіктер күтеді. Біздің заманымыз, Жаңа Қазақстанды құра­­тын, сонда өмір сүретін адам­дардың заманы келеді. Өзгеріс­терді өзімізден бастап, болып жат­қан жағ­дайға жеке жауап­керші­лік таныту арқылы ғана біз қуа­т­ты, тәуелсіз Қазақстанда жаңа шын­дықты қалыптастыра аламыз!

Отанға аянбай қызмет ету, кез келген сынақтар мен қиын­дық­тарды табандылықпен жеңу – өміріміздің мақсаты болсын. Өмірді жақсы жаққа бірге өзгертейік!