Ең әуелі Қуаныш Салықбай деген кім? Осыған азырақ тоқталсақ. Қ.Салықбай (08.07.1971–16.04.2019) Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. Семей малдәрігерлік институтында оқи жүріп, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары С.Тоқтарғазин мен С.Қоржыкеновтің көмегімен күрес өнерінің әдіс-тәсілдеріне әбден қаныққан. Әуелі Мақаншы (қазіргі Үржар) ауданының, сосын Семей (кейіннен Шығыс Қазақстан) облысының және Қазақстан құрама командасының намысын қорғаған. Ол – 48 жылдық ғұмырының 35 жылын кілем үстінде өткізген, күрес тарихында ең ұзақ белдескен балуанның бірі. Ол самбо, қазақ және белбеу күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан Қазақстанның бес дүркін чемпионы және төрт дүркін ел кубогының иегері, Азия чемпионы және әлем чемпионы (35-39 жастағылар арасында), белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның бес дүркін, Азияның үш мәрте абсолюттік чемпионы.
– Алдағы уақытта Семейде Қуаныш Салықбаевтың атында қазақ күресінен турнир өткізсек, оны тұрақты өтетін беделді республикалық турнирге айналдырсақ, – деген Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Тоқтарғазин Қ.Салықбайдың 35 жасқа дейін үзбей күресіп, толағай табысқа жеткенін айтты. – «Балуандардың көбі отыздан аса бере күресті тоқтатады. Ал Қуаныш – отыз бес жасқа дейін үзбей күресіп кгп, ардагерлер арасында самбодан қырық шақты республикалық және халықаралық турнирлердің абсолюттік чемпионы, Қазақстанның бес дүркін, Азияның үш мәрте абсолюттік чемпионы болып, Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғаған балуан еді», деді ол.
– Қуаныш ағамыз – самбо және қазақ күрестерінен өзіндік өрнегі, айла-тәсілі, жеңіске деген құлшынысы бар балуан еді. Сондықтан оның есімі қазақ күресінде әрдайым қалады деп сенемін, – дейді Қазақ күресі федерациясының Шығыс Қазақстан өңірі бойынша президенті, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс және қола жүлдегері Шалқар Жоламанов. – Біз, Семей балуандары мен бапкерлері Қуаныштың атын қазақ күресінде әрдайым есте қалдырып, жас ұрпақ оның күрес жолынан үлгі-өнеге алу үшін Семейде Қуаныштың атында қазақ күресінен тұрақты түрде өтетін беделді республикалық турнир өткізсек деп өзара ақылдасып шештік. Енді жоспарымызды басшыларымыз қолдаса деген ниет бар.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
Спорттық самбо:
1-орын: 53 кг: Сұңғат Нұрлатұлы, (2.Алмат Кәрім, 3.Бақдәулет Нұрмұханбет), 58 кг: 1.Нұрым Қайроллин (2.Дәулет Аманұлы, 3.Жақсылық Оспанов), 64 кг: 1. Есентай Имаханов (2.Төлеген Нұрғалиев, 3.Дидар Тұқышов), 71 кг: 1.Жанасыл Әнуаров (2.Жасын Қалиақпаров, 3.Аян Құрманбек), 79 кг: 1.Роллан Саятов (2.Шалқыбек Рахметолла, 3.Нұржан Бекешов), 88 кг: 1. Руслан Жарқынбаев (2. Қуаныш Рәтаев, 3. Елдар Бейсембаев), 98 кг: 1. Қуандық Стамполов (2.Аян Рамазанов, 3.Жоламан Манарбекұлы), +98 кг: 1.Талғат Әміренов (2. Әділ Түкешев, 3. Бексұлтан Ғизат).
Жауынгерлік самбо:
1-орын: 53 кг: 1. Жастілік Ахметбеков (2. Еркебұлан Мырзаханов, 3. Ерзат Маратбеков), 58 кг: 1. Мұхтар Мейрамбек (2. Семен Каратаев, 3.Роман Бойко), 64 кг: 1. Маратбек Рахметоллин (2.Манарбек Әсембай, 3.Қанат Тілеубергенов), 71 кг: 1. Дәурен Дәкенов (2.Азамат Байгожин, 3.Ерасыл Зияданов), 79 кг: 1.Нұрболат Құлбеков (2. Еламан Төлеш, 3. Тоқтасын Дәуіт), 88 кг: 1.Мағжан Жұмашев (2. Жайдар Хасенов, 3. Елдос Мырзахметов), 98 кг: 1.Еркебұлан Омаров (2. Нұрсұлтан Жұмағалиев), +98 кг: 1. Әліби Уәли (2.Дамир Секен).