«Жалпы мен әзілдегенді ұнатпаймын. Мен үшін қайсыбір қарсыласты жеңу «жеңіл жұмыс» деп айтсам, оны шынымен де солай деп түсініңіздер. Бұған дейін екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын жеңдім. Олармен шаршы алаңда кездеспей тұрып, мерзімінен бұрын ұтатынымды мәлімдеген едім. Сөзімде тұрдым. Мен өз деңгейімді білемін. Өзімді сенімді сезінемін. Кез келген қарсыласты жеңе аламын», депті отандасымыз твиттердегі жазбасында.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін мексикалық Хайме Мунгияны оңай жеңетінін мәлімдеген еді.