
«Жұрттың бәрі Василий Ломаченконың әкесін әлемдегі теңдессіз бапкерге теліп жатқанынан хабардармын. Ал шынтуайтына келсек, ол бокс туралы түк те білмейді. Бар болғаны оның ұлы өте мықты боксшы. Александр Усикке көмектесті дегенді алға тартасыз ба? Жоқ, Александр Усик өзін қалыптастырып қойған шын шебер екені бәріне белгілі. Усик онымен жұмыс істегенге дейін де ұлттық құраманың сапына еніп қойғаны мәлім», дейді АҚШ боксшысы.