Коронавирус • 22 Ақпан, 2022

«Омикрон» барлық өңірлерде анықталды - ДСМ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде тараған коронавирустық инфекцияның штаммдары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Омикрон» барлық өңірлерде анықталды - ДСМ

«Министрлік республикада коронавирустық инфекция штаммының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Ақпан айында оң үлгілерді генотиптеу аяқталды, еліміздің барлық өңірлерінде «омикрон» нұсқасының айналымы анықталды және зерттелген үлгілердің жалпы санының 72%-ын құрады», деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, барлық аймақтарда «омикронмен» қатар «дельта» штамм айналымы жалғасуда және үлгілердің жалпы санының 25% құрайды.

«Соңғы аптада әлемде коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны 20%-ға азайды», деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, аурудың төмендеуі 215 елдің 180-інде, атап айтқанда  Америкада - 46%-ға, Арменияда - 45%-ға, Чехияда - 32%-ға, Ұлыбританияда - 23%-ға, Түркияда - 11%-ға, Австрия мен Ресейде - 9%-ға байқалады.

Сонымен қатар, әлемнің 35 елінде, оның ішінде Малайзияда - 1,4 есе, Қытайда - 1,3 есе, Таиландта - 1,2 есе аурудың өсуі жалғасуда.

«Әлемдік рейтингте соңғы айда Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 5 позицияға жақсарып, 120 - орында тұр, өлім-жітім бойынша көрсеткіш 6 позицияға жақсарып, 225-тен 108-орынға көтерілді», деп түйіндеді министр.