Тағайындау • 22 Ақпан, 2022

«Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің жаңа басқарма төрағасын Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Медиахолдингтің басшысы болып БАҚ саласында тәжірибесі мол Досжан Солтанғалиұлы Омархан тағайындалды.

Досжан Омархан 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы «31 Арна-Өскемен» ЖШС-да бастаған. 2008 жылға дейін диктор әрі журналист болып жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ОКЖФ байланыс және баспа бөлімін басқарды.

Одан кейін 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ ШҚО филиалының редакторы және бас редакторы қызметтерін атқарды. 2014-2019 жылдары Шығыс Қазақстан ақпарат орталығына жетекшілік етті.

2020 жылдың қаңтарында Досжан Омархан «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы болған.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35