
Енді екі боксшы арасындағы шайқас 23 сәуір күні Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді. Қаңтар айының соңында промоутер Фрэнк Уоррен 41 миллион долларды бәске қойып, промоутерлік сатылымды жеңіп алған болатын. Аталған соманың 10 пайызы кездесу жеңімпазына берілсе, қалған қаржының 80 пайызы қазіргі әлем чемпионына, 20 пайызы үміткерге үлестіріледі. Ұлыбританиялық былғары қолғап шеберлері арасындағы шайқас тартысты өтетіндігіне мамандар сенімді.