Теннис • 22 Ақпан, 2022

Құламбаева жұптық сында жеңіске жетті

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші қыз Жібек Құламбаева елорда төрінде өтіп жатқан Forte 60 турнирінің жұптық сынында әріптесі, польшалық Мартина Кубкамен бірге ширек финал жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құламбаева жұптық сында жеңіске жетті

Жібек Құламбаева мен Мартина Кубка жұбы 1/8 финалдық кезеңде отандасы Софья Чурсина мен гонконгтық Нг Кван Юға қарсы қортқа шықты. Бірінші сетте 7:5 есебімен басымдық танытқан Құламбаева мен Кубка жұбы екінші кезеңде де жеңісті жорықты жалғастыра білді (6:2). Енді қазақстандық-польшалық жұп жартылай финал жолдамасын иелену үшін өзбекстандық Нигина Абураимова мен Ақгүл Аманмұрадова жұбымен ойнайды.