Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы 1,4 млрд теңге негізсіз табыс тапқан

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд теңге негізсіз табыс тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы 1,4 млрд теңге негізсіз табыс тапқан

Яғни, Табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тарифті жоғарылату арқылы халықтан артық төлем алып келген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлімдеді

«2019 жылдың қараша айында тарифті 34,6 пайызға төмендету туралы бұйрық шығарған. Ол бұйрық 5 жылға бекітілген тариф. Бұйрық 2020 жылдың қаңтар айынан қолданылуы тиіс болған. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» сол күйінше халыққа бекітілмеген тарифпен қызмет көрсете берген», деді Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жанат Оспанова.

Соттың ақпаратынша, филиал тұтынушылардан алған артық ақшаны газдың бағасын төмендету арқылы қайтармақ.