Оқиға • 23 Ақпан, 2022

Нұр-Сұлтанда төрт көлік соқтығысты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда төрт көлік соқтығысты

Оқиға 22 ақпанда кешкі сағат 19.22-де Түркістан көшесінде болған.

«Hyundai» маркалы көліктің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып бағдаршамның тыйым салған түсіне өтіп кеткен.

Нәтижесінде ол «Subaru XV» көлігімен соқтығысты. Ал «Subaru XV» инерциямен «Subaru Legacy» және «Chevrolet Malibu» көліктерін соқты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда аса қырағы болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауын сұрайды.