Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы болды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесі бақылау тобының (Bolonga follow-Up Group - BFUG) тең төрағасы болып бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы болды

Еліміз 2022 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында тең төрағалық етеді. Сондай-ақ Қазақстан келесі жылдың басынан бастап BFUG басқарушы кеңесінің құрамына (BFUG Board) кіреді.

«Қазақстанның BFUG-ға тең төрағалық етуі бұл жоғары жауапкершілік әрі еліміздің халықаралық деңгейде мойындалуын білдіреді. Болон процесінің құрамына 48 мемлекет кіреді, олардың ішінде Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия және т.б. елдер бар. Ал Қазақстан бірыңғай білім беру процесінің мүдделерін білдіру туралы ұсынысы еуропалық білім беру жүйесінде қазақстандық жоғары білім жүйесінің беделінің артқанын көрсетеді», деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы ретінде шетелдік әріптестермен күш-жігерді біріктіру мақсатында жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді халықаралық деңгейде талқылауға бастамашылық етуді көздеп отыр.

Оның ішінде бейресми, педагогикалық білім беруді дамыту, білім сапасын бағалауды қамтамасыз ету, сонымен бірге Орталық Азия кеңістігінде Болон процесінің озық тәжірибесін тираждау мәселелері бар.

Айта кетейік, Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы Болон процесінің толыққанды мүшесі болып келеді. Оның параметрлері жоғары білім беру жүйесіне белсенді түрде енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан барлық көрсеткіш бойынша өз міндеттемелерін орындады.