Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2022

Қысқы Паралимпиада: Қазақстан командасы Бейжіңге қашан аттанады?

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшылардың Бейжің қаласында өтетін XIII қысқы Паралимпиада ойындарына қашан аттанатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Паралимпиада: Қазақстан командасы Бейжіңге қашан аттанады?

Ұлттық паралимпиада комитеті хабарлағандай, Қазақстан құрама командасы 25 ақпанда Алматы қаласынан XIII қысқы Паралимпиада ойындарына аттанады. Құрама команданың ресми тасымалдаушысы - «Эйр Астана» әуекомпаниясы.

Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарына қазақстандық делегация короновирус індетіне қарсы барлық санитарлық шараларды қолданып, қатаң карантин режимінде аттанады.

Соңғы үш жеті бойы паралимпиадашылар Алматы облысы Талғар ауданындағы «Алатау» шаңғы-биатлон комплексінде карантин режимін қатаң сақтап, Паралимпиада ойындарына соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтетін XIII қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді.

Биыл Паралимпиада ойындарында 50 мемлекеттен келген ең үздік 700-ден астам спортшы қатысады деп болжанып отыр. Аталған төртжылдықтың басты додасында 5 қазақстандық атлет ел намысын қорғайды. Олар - Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылары екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: парабиатлон және парашаңғы.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де өтеді. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан туын әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов ұстап шығады.