28 Наурыз, 2014

Телефон арқылы сөйлесті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ, сау­да-экономика саласындағы ын­тымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Еуразия кеңіс­­­ті­­гін­дегі интеграциялық өзара ық­­пал­дастық жайттары қозғал­­ды. Атап айтқанда, Жоғары Еура­зия­­лық экономикалық кеңестің оты­ры­сы­­на дайындық барысы қаралды. Бұған қоса, екі мемлекет басшылары жұмысын аяқтаған Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындылары туралы пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Вла­димир Путин екіжақты ынты­мақтастықтың барлық бағыттары бойынша толық өзара түсіністік ба­рын атап өтті.