Кәсіпқой бокс • 24 Ақпан, 2022

Журналист Головкин-Уорд жекпе-жегін өткізуді ұсынды

1003 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxingnews24.com сайтының журналисті Скотт Гилфойд екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уордқа әлеуметтік желіде жазба жазумен айналысқанша Головкинмен шаршы алаңда кездесуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Головкин-Уорд жекпе-жегін өткізуді ұсынды

«Уордтың 38 жаста екенін білеміз. Оның Геннадий Головкиннен 2 жас кіші екені мәлім. Ал Гена сәуір айында 40 жасқа толады. Сондықтан бұл екі боксшы шаршы алаңда кездесіп, мәселені шешіп алуларына әбден болады. Егер Геннадий Головкин қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен кездеспейтін болса, Андре Уордқа қарсы шаршы алаңға шыққаны дұрыс. Уорд әлі қартайған жоқ. Оның іш пыстырарлық стилі жас талғамайды», деді журналист өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы ресейлік Сергей Ковалевтан айласын асырғаннан кейін АҚШ боксшысы кәсіби мансабын ресми түрде аяқтағанын хабарлаған болатын.