Аймақтар • 24 Ақпан, 2022

ШҚО-да полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Ербол Бекпаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Ербол Зарыпханұлы құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тумасы. ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебін бітірген. Қызмет жолын Өскемен қаласының ІІБ Октябрь ауданының ІІБ милиционері болып бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Өскемен қаласының ІІБ паспорт жұмысы инспекторы, ШҚО ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының визалық жұмыс бөлімінің аға инспекторы, ШҚО ІІБ Көші-қон полициясы басқармасы шетелдіктердің шығуын бақылау тобының аға инспекторы болып қызмет атқарған.

Аяна Тоғанбек