28 Наурыз, 2014

Ынтымақтастық келісімі

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мен АҚШ мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықтың әрі қарайғы перспективалары айқындалды АҚШ-қа (Вашингтон) жасаған жұмыс сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов АҚШ Персоналды басқару кеңсесінің директоры Кэтрин Арчулетамен кездесті. Тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы, оның ішінде Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. Тараптар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті жетіл­­­­діру саласында екіжақты ынтымақтастық және Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб шеңберіндегі әрі қарайғы көпжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. «Егемен-ақпарат».