«Солтүстік ағын-2» – Батыс санкцияларының алғашқы нысандарының бірі. Германия Мәскеудің Украинаға қатысты әрекетінен кейін жобаны сертификаттауды тоқтататынын мәлімдеді. Еуропаның бірқатар елі жақында ғана АҚШ әрекеттеріне қарсы сын айтқан-ды.

Сәрсенбінің кешінде Ақ үй де санкция жариялайтынын хабарлады. Алайда Вашингтон ол шараларға не кіретінін әлі нақтылаған жоқ. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс «Біздің германиялық одақтастарымыз Ресей Федерациясына қарсы «Солтүстік ағын-2» құбырын белгісіз мерзімге тоқтатуға қатысты батыл шешім қабылдады. Президент Байден басқарушы компанияға және оның лауазымды тұлғаларына қарсы санкцияларды мақұлдады», деді.
«Солтүстік ағынға» параллель жүретін құбыр өткен жылдың күзінде толығымен аяқталды. Бірақ бұл іс сынға алынды. Жоба АҚШ санкцияларына байланысты еуропалық компаниялардың жобадан үнемі кетіп отырғанына қарамастан тапсырылды. Жүйенің жобалық қуаттылығы жылына 55 млрд текше метрді құрайды. Енді еуропалық санкциялардың жаңа пакеті құбырға да әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Алдағы бір-екі күнде Еуропа одағының басшылары төтенше саммитте жағдайды талқылауы керек. Сейсенбіде Еуропа одағы ресейлік бірқатар шенеунік пен банк ұйымдарына қарсы санкциялар енгізетіні туралы жариялағанын естеріңізге сала кетейік.
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Бүгін, 21:03
Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты
Оқиға • Бүгін, 20:24
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:05
Си Цзиньпин Путинді Қытайға шақырды
Әлем • Бүгін, 19:45
Президент Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Президент • Бүгін, 19:15
Талдықорғанда жас қыздан 108 г есірткі тәркіленді
Есірткі • Бүгін, 19:09
Ұқсас жаңалықтар