28 Наурыз, 2014

Әртараптандыру ауқымы кеңиді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астықты Ақмола облы­сы биыл 4 миллион 200 мың гектарға ырыздық дәнін себу­ді жоспарлап отыр. Өт­кен жылдардағы сияқты биыл да ауылшаруашылық дақыл­дарын орналастырудағы әр­та­раптандыру қадамдары жалға­сын таппақ. Диқандардың есебі бойынша, биыл майлы дақылдар егістігінің ауқымы 271 мың гектарды құрайды. Бұл был­тыр­ғы жылғы деңгейден 20 мың гектарға жуық көп. Ал көп­жылдық шөпті қосып есептегенде мал азықтық екпе шөп ауқымы жарты миллион гектардан асып түспек. Бұған қажетті тұқым қоры алдын ала дайындалып қойылған. Жалпы, облыс бойынша көктемгі егіске қажетті тұқым қоры 529 мың тоннаны құраса, ол толық құрамда құйып алынған. Оның 330 мың тоннасы сұрыптау сынақтарынан өткізілді. Қазір тұқым тазалау жұмыстары қарқын алуда. Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасы басшы­сының орынбасары Димаш Таласбаевтан көктемгі науқан­ды жанар-жағармаймен қам­тамасыз ету жайы туралы сұ­рағанымызда, дайындық былтырғыдан анағұрлым жақ­сы екендігін білдік. – Үкімет күні кеше об­лы­­сымызға әр тоннасын 98312 теңгеден 65 мың тонна дизель отынын бөлді, – дейді ол. – Осы тақылеттес көмек басқа да материалдарға кепілді түрде берілетін болады. Бұл диқандар қауымын жігерлендіре түседі. Бүгінгі күні жауапты науқанға қатысатын техниканың 78 пайызы дайындық сапы­на қойылды. Астықты алқаптарға 17 мың дана дән сепкіш шығарылса, оның 923-і жоғары өнімділіктегі тұқым себу кешен­дері. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.