Үкімет • 25 Ақпан, 2022

Әлішер Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлішер Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында туған.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2015 жылдары ҚР Индустрия және сауда, Инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

Әр жылдары әкімдіктердің, «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2021 жылғы ақпаннан қазірге дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.