Туризм • 25 Ақпан, 2022

Италия қазақстандық туристерге шекараларын ашады

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыздан бастап ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар қазақстандықтар Италия аумағына карантинсіз кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италия қазақстандық туристерге шекараларын ашады

Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің сайтында хабарланғандай, Италияға туристік сапарларға қолданыстағы шектеулер тоқтатылады, яғни 1-31 наурыз аралығында қазақстандықтарға Еуропа еліне кіруге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасындағы Италия елшілігінде бұл үшін келесі құжаттар қажет екенін атап өтті:

  1. Сауалнама;
  2. Келесі құжаттардың бірі: Еуропалық дәрілік заттар агенттігі таныған препаратпен коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы анықтама, ол вакцинациялаудың толық бірінші курсын аяқтағаннан кейін немесе ревакцинациядан өткеннен кейін берілуі тиіс. Егер вакцинация туралы анықтама болмаса, онда 180 күннен аспайтын уақыт өткен тиісті өзін-өзі оқшаулау кезеңінің аяқталу күнін көрсете отырып, сауығу туралы анықтаманы ұсынуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, теріс нәтижесі бар антигендік жедел тест (жарамдылық мерзімі 48 сағат) немесе молекулалық ПТР тесті (жарамдылық мерзімі 72 сағат) туралы анықтама беруге болады.

Анықтамалардың бірі болмаған жағдайда саяхатшы бес күндік карантинді өтеуге, ал карантиннен кейін коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтуге міндетті.