Қазақстан • 27 Ақпан, 2022

Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалай таңдайды?

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы республикада әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуге 1389 медициналық ұйыммен шарт жасасты, олардың жартысынан көбі – жеке ұйымдар, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-сұлтан қаласы әлеуметтік медициналық сақтандыру филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалай таңдайды?

«Бұл пациенттің ең жақсы клиниканы таңдау мүмкіндігі. Бүгінгі күні Қор Нұр-сұлтан қаласы бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасты, оның ішінде 76 клиника жеке тұлғалар. Жалпы республика бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуге 1389 медициналық ұйыммен шарт жасасты, олардың жартысынан көбі – жеке ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге, оның ішінде МӘМС жүйесінде 838 млрд теңге қарастырылған», деп хабарлайды Қордың Нұр-сұлтан қаласында орналасқан филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі «ақша пациенттің ізімен жүреді» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың көрсетілетін қызметтерін берушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасындағы маманның жолдамасы болуы қажет.