Қаржы • 27 Ақпан, 2022

Қазақстандағы Қытай банктері

1423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан қаржы нарығында жұмыс істейтін 22 банктің үшеуі – қытайлық қаржы институттары. Олар – AltynBank, Қазақстандағы Қытай банкі және Қытай сауда-өнер кәсіп банкі. Біздің елдегі бүкіл қытайлық банктердің жиынтық меншік капиталы 2021 жылдың соңында 173,5 млрд теңгені құрап, бір жылда 11,6 пайызға өскен.  

Қазақстандағы Қытай банктері

Анықтама үшін айта кетейік, елдегі барша екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) меншік капиталы 4,5 трлн теңгеге жеткен. Сөйтіп соңғы бір жылда 14,7 пайызға өскен. Ал қытайлық енші­лес банктердің отандық ЕДБ жалпы көле­міндегі үлес салмағы 3,9-дан 3,8 пайызға төмендеген.

Ranking порталының жазуынша, елдегі 3 қытайлық қаржы ұйымының ең алыбы – AltynBank. Меншік капиталының көлемі – 74,4 млрд теңге. 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары. Бұл банктің үш бірдей акционері бар, олар – China CITIC Bank Corporation Limited (50,1 пайыз), China Shuang weiInvestment Co., Ltd компаниясы (9,9 пайыз) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (40 пайыз). Одан кейінгі орында Қазақстандағы Қытай еншілес банкі (62,8 млрд теңге) мен Қытай сауда-өнеркәсіп банкі (36,3 млрд теңге).

2021 жылы осы үш банк бірігіп 33,9 млрд
теңге табыс тапқан. Бұл 2020 жыл­дың көрсеткішімен салыстырғанда 22,4 па­йызға көп. AltynBank-тің табысы 16,6 млрд теңге болса, Қазақстандағы Қытай банкі мен Қытай сауда-өнеркәсіп банкі 9,1 және 8,2 млрд теңге пайда жиған.

П

Жалпы, Қытайдың әлсіз елдер экономикасына үйірсек екені бұрыннан белгілі. Әлемді әскерсіз жаулаудың алуан әдісін меңгерген көршілес ел өзгелерді өзіне борышкер ету арқы­лы мүддесін биіктете түседі. Біз­дің елде де алпауыт 3 банкі­нің жұ­мыс істеп жатуы да тегін емес.

Дүние жүзілік банктің хабарлауынша, соңғы 20 жыл бедерінде қытайлық мемлекет­тік банктер дамушы елдерге молынан несие беріп келе жатыр. Бірақ қарыз параметрлері еш жерде анық-ашық жа­рия­ланбаған. Тіпті кейбір несие түр­лері ресми статистикада көр­сетілмейді.

«Қытайлық займдардың әдет­тегі несиеден айырма­шы­лығы – қарыздар мем­лекеттік банк атынан беріледі, қарыз алушыдан құпиялылықты сақ­тау талап етіледі, ал төлем мер­зімінің өтіп кетуі жасырын түрде қала береді. Со­ның салдарынан дефолт жиі бола­ды. Қазір жаппай несиелеу азайды, бірақ не­сиені өтеуге байла­ныс­ты туын­да­ған қиындықтар дефолтқа және қа­рыз­­ды ұдайы қайта құрылымдауға алып келді. Ондай кезде қарызға қыз­мет көрсету шарты мың сан рет өзге­реді. Пандемия басталған мезетте қа­рыз жүктемесін жеңілдету құқығын ал­ған 73 елдің жартысынан астамы әлі қар­жылық қиындық жағдайында тұр. Бұл ретте қытайлық банктер өздерін 80-жыл­дардағы Батыс елдері сияқты ұстайды: қарыз іс жүзінде есептен шығарылмайды, кейінге қалдырылған төлемдерге артық­шылық беріледі. Ал жоғары қарыздық жүктеме проблемасы мүлде шешілмейді», делінген Дүниежүзілік банк баяндамасында.

AltynBank – бұрынғы «HSBC Банк Қазақстан» АҚ, Қазақ­станда 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Атауы 2018 жылы өзгерді. Ал «Қазақстандағы Қытайбанкі» – Bankof China Limited-тің еншілес банкі. Әлемнің 57 елінде бұл қаржы институтының филиалы мен еншілес банктері жұмыс істейді. Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Банк Қазақстан мен Қытай­дың бір­лескен жобаларына, «Нұр­лыжол» бағдарламасын абелсене қатысады.

Ал Қытай сауда-өнеркәсіп банкі 2019 жылы Қазақстан­дағы коммер­циялық банктердің ішіндегі ең жоғары несие рей­­тингіне ие банк атанды. Қа­зіргі сәтте де банктің өтім­ділі кжәне меншік капитал көр­сет­кіштері тәуір саналады, банк активтерінің сапасы да жоғары. Банктің ресми сайтын­да қаржы ұйымының басты миссиясы – Қазақстанның қаржы нарығының прогрессивті және сапалы дамуына ықпал ету және ел экономикасының ин­дуст­рия­лық трансформация­сы­на жәрдем беру деп көрсетілген.