Руханият • 27 Ақпан, 2022

Алаштың рухани көсемі ардақталды

763 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Ұлт тарихында қазақтың ілімі мен білімін негіздеп, қалыптасуына орасан еңбек сіңірген тұлғалар баршылық. Әсіресе «тар жол, тайғақ кешулі» заманда тұтас ұлттың ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлын ерекше атап өтеміз. Биыл Алаштың рухани көсемінің туғанына 150 жыл толып отыр.

Алаштың рухани көсемі ардақталды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Осыған орай ел астана­сын­да Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жарлығына сәйкес Ахмет Байтұрсын­­­ұлы­­ның 150 жылдық мерей­тойы ха­­лық­аралық ғылыми-прак­­ти­­­калық конференция мен бас­­талды. Алқалы жиынға Мем­ле­кеттік хатшы Ерлан Қарин, сон­­дай-ақ министрлер мен елорда әкімі, ахметтанушы, алаш­танушы ғалымдар мен әде­биетшілер, зиялы қауым өкіл­дері қатысты. Айта кетейік, ұлт ұстазының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі.

Конференцияның алғашқы баяндамасын жасаған Мем­лекеттікхатшы Ахмет Байтұр­сынұлының 150 жылдығы күн тәртібінде тұрған ұлт рухания­ты үшін үлкен әрі маңызды тақы­рыптардың бірі екеніне тоқ­талды.

«Халқымыз өзінің төл тарихында ерекше орны бар екі тұлғаны«Ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абайды айтамыз. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталады. Тәуелсіздік ұлтымыздың жа­дын жаңғыртып, тарихи тамырымыздан қайтадан нәр алуымызға жол ашты. Бұл ретте ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оның мол мұрасын ұрпақ санасына сіңірубаршамызға ортақ міндет. Осыдан тура бір ғасыр бұрын жұртымыз ұлт зиялыларының бастамасымен Ахаңның 50 жылдық мерейтойын атап өткенін баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл қазақ тарихындағы осындай алғашқы мерейтой болғанын айрықша атап өткен жөн. Содан бері 100 жыл өтті. Бүгін Ахаң аңсаған тәуел­сізелдің ұрпақтары оның 150 жылдық мерейтойында бас қосып отыр. Ұрпақ сабақ­тастығы дегенімізміне, осы!» деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының ай­туынша, биыл Париж бен Ыстан­бұлда Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жылдығына ар­нал­ған іс-шаралар ұйымдастырылып, Түр­­кістанда халықаралық конгресс өтеді.

«Ахаң қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін тілдің орны айрықша екеніне зор мән берді. Оның: «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ой­лауымыз керек» деген сөздерісоның айқын дәлелі. Ахаң ұлттық әліп­биімізді әзірлеп, оқулықтар жазды, тіл ғылымына түрен салды. Тілдің ұлтты сақтаудағы орасан зормаңызын жұртымыздың санасы сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Осы тарихи еңбегінің арқасында ол қазақ тіл білімініңатасы, ұлт ұстазы атанды. Ахаң негізін қалаған тіл ғылымы оныңесімін атауға тыйым салған кеңес дәуірінде де жаппай қолданыста болды», деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол ЮНЕСКО көле­мінде және еліміздің барша өңір­інде өткізілетін мерейтой іс-шараларына барша­мыз белсене атсалысуымыз қа­жет­тігін атап өтті. Биыл Ахмет Бай­тұрсынұлының туған жерінде инфрақұрылымдық және мәдени-рухани жобалар іске асатынын да хабарлады.

«Мемлекет басшысы мерейтой шара­ларының «ас та төк» тоймен емес, елге пайдасы тиетін нақты жұмыс­тармен ерекшеленуі қажеттігін үнемі айтып жүреді. Бұл ұстаным Ахаң­­ның мерейтойына да қатыс­ты. Ұлт ұста­зы­ның туған жеріҚостанай облысында ин­­фрақұрылымдық және мәде­ни-руха­ни жобалар жүзеге асы­ры­луға тиіс. Ол жөнінде бізде облыс әкімдігімен сондай келісім бар», деді Мемлекеттік хатшы.

ҰҒА академигі, тарих ғы­лым­­дарының докторы Мәм­бет ҚойгелдіАхмет Байтұр­сын­ұлының саяси қыз­метіндегі бірізділік туралы жасаған баяндамасында 1933 жылы ақпанның суық аязында Архангельскіде абақтыда отырған ғалымның саяси қуғындағы зиялыларға көмек қорының басшысы Ека­терина Пешковаға жолдаған өті­ніш хатына тоқталады. Сонда Ахаң: «Мен қазақ халқын ағарту жолында 34 жыл бойы қызмет атқарған педа­гогпін, менің бұл қызметім ағар­тушылық қыз­метке қажет ғасырлар бойы қа­лып­тасқан даярлығы бар басқа мəдениетті елдердің педагог­терінің қызметінен мүлдем бөлек жағдайда өтті. 1905 жылғы революцияға дейін қазақ тілінде жазуға, оқуға, білім алуға рұқсат берілмеді, сондықтан да бұл тілде ағартушылық қызметті жүргізуге мүмкіндік туғызатын қарапайым даярлық та болған жоқ, яғни оның алфавиті, орфографиясы, грамматикасы, тіл теориясы, оқулықтары, баспа əдебиеті, газеттері болған емес. Маған осылардың бəрін жаңадан жасауға жəне негіздеуге тура келді, өйткені 1905 жылдан соң тілге берілген еркіндік менің шы­ғармашылықтағы қуатты шағыма тұс келген еді» деп жазады.

«Бұл хаттан мынадай екі жағдайды анық байқауға болар еді жəнеоларды күрескер тұлға анық білдіріп те отыр. Біріншіден, азаматтық ұстанымы жəне кəсібі тұрғысынан ол ең əуелде ағартушы екенін, сондай-ақ бұл қызметін туған халқына арнағанын, екіншіден, осы қызметі үшін бұрынғы патшалық жəне жаңа советтік биліктер жүйесінен қуғын-сүргін көріп кележатқанын жет­кізуі еді. Сонымен бірге бұл арада, əрине, мынадай бір жағ­дайды да ескерген артық емес. Ол қайраткердің өзі өмір сүр­ген кезеңде қазақ қоғамында қа­лыптасқан жағдайға байланыстыағар­тушылық жəне шығармашылық қыз­метін туған елін əділетсіз отарлық жүйе­ден құтқару ісімен, яғни саяси қыз­метпен байланыстыруға мəжбүр бол­ғандығын білдіруі еді», деді Мәмбет Қойгелді.

ЮНЕСКО-ның Ал­ма­ты-
дағы бю­ро­сының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат Ах­мет Байтұрсынұлы еңбектерінің сабақ­тастық әлеуетіне тоқталды.

«Ахмет Байтұрсынұлы талантты әде­биетші, педагог, ғалымболған. Оның есімі қазақ әліпбиіне араб графика­сының негізінде жасаған реформасымен танымал. Ол түзген әліпби қазақ жа­зуын шекарадан тыс өмір сүріп жат­қан миллиондаған қазақтарға қолже­тімді етті», деген ЮНЕСКО өкілі ға­лымның қазақ лингвистикасымен әде­биеттануының негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті.

«Ол бүкіл мансабында жап­пай сауат­тылықты дамыту­ды мақсатетті. А.Бай­тұрсын­ұлы­ның ақын-аудармашы ретін­дегі репутациясыда мығым. Ол орыс әдебиетінің ұлы шы­ғармаларын аудару арқылы қазақ және орыс халық­­тарының мәдени диалогіне жол ашты. Мәселен, орыс ақы­ны Иван Крылов­тан ау­дарған шығармалары қандай?! А.Байтұрсынұлының еңбектері мен қызмет жолы ЮНЕСКО-ның жұмысы­мен, білімді ілге­рілету және мәде­ниетаралық диа­логті қалыптастыру бағы­тын­­дағы мандатымен сабақ­та­сып жатыр», деді Криста Пик­кат.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемле­кеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлттық университетінің рек­­торы Ерлан Сыдықовтың моде­ра­­тор­лығымен өткен конферен­цияда, сондай-ақ Шеру­бай Құрманбайұлы, Дихан Қам­забекұлы, Анар Фазылжанова, Айгүл Ісмақова, Елшін Ибрагимов, т.б. зерт­теуші ғалымдар баяндама жа­сады. Пленарлық отырыс «Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы және қазақ филология­сның мәселелері», «Ахмет Байтұр­сынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылым­дар» атты секциялық отырыстармен жалғасты.

Жиын барысында қазақ және шетел­дік ғалымдар ахмет­танудың қазіргі өзекті мәсе­лелерін ортаға салып, алдағы уақытта атқарылуға тиіс жобаларды нақтылады. Нәтижесінде, аталған мәсе­лелер конференция қарарында қабыл­данды. Атап айтқанда, Ахмет Бай­тұр­сынұлының өмірбаяндық деректерін толықтыру үшін Қазақстандағы және шетелдегі архивтерге ғылыми іс-сапар­лар ұйымдастыру, ғалымның толық ака­демиялық шығармалар жинағын әзірлеу, шығару және тарату, еңбек­терін шет тілдеріне аудару, халық­аралық кеңістікке таныту, «Ахмет Бай­тұр­сынұлы» төсбелгісін әзірлеп, тіл және жалпы қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарын марапаттау, жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы стипендия тағайындау жұмыстары жоспарланды.

Айта кетейік, Қостанай облы­сындағы Ахмет Байтұр­сынұлы музейінің директоры Гүлбану Сәрсекей мерейтойға ғалымның құнды жәдігерлерін алып келген.

Алқалы жиын Еркеғали Рахмадиев атындағы мемле­кеттік академиялық филармонияда «Ұлт ұстазы» атты әдеби-сазды кешпен қорытындыланды.