Министр резервшілерді ПЖКР-ға қабылдануымен құттықтап, олардың еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. А.Омаров өз сөзінде жас, талантты және патриот адамдарды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу, оны жаңарту процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саяси бағытының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Асқар Омаров биыл жастар және отбасы саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министр болып АҚДМ-да ПЖКР мүшесі Александр Данилов тағайындалғанын атап өтті.
Кездесуде резервшілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, министрліктің жұмысын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша резервшілерге олардың құзыреті мен қызмет саласына байланысты, министрліктің жұмысына тарту ұсынылды.