Қазақстан • 28 Ақпан, 2022

Қазпоштаның көлік паркі толықты

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ өзінің автомобильдер паркін жаңартуды жалғастыруда. Бұл жолы компания жаңа ершікті магис­тралды тартқыштар – KAMAZ-54901 сатып алды. Ұлттық пошта операторының паркіне 10 жаңа тартқыш қосылды, сәуір айының соңына дейін тағы 16 тартқыш қосылады.

Қазпоштаның көлік паркі толықты

«Бүгінде автопаркте 2,1 мың­нан астам автокөлік бар. Бұл жеңіл көліктер, жүк көлік­тері мен броньды машиналар, фургондар, пошталық вагон­дар, автобустар, арнайы техни­калар. Көлік паркінің жағ­дайы мен сенімділігі пошта жөнел­тілімдерін тасымалдау мен жеткізуде және Қазпоштаның тұтынушылар алдындағы өз міндеттемелерін орында­уында шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз жоспарлы түрде жыл сайын техникалық ресурс­тарымызды жаңартып отырамыз. Сол арқылы көліктің тозу көлемін азайтамыз, оны пайдалану шығындарын азайтамыз, жүргізушілердің еңбек жағдайларын жақсар­тамыз, ең бастысы, пошта жөнел­тілім­дерін тасымалдау мен жет­кізу мерзімдерін қысқар­та­мыз», деді «Қазпошта» АҚ же­ліні басқару жөніндегі бас­қару­шы директоры Жанбота Бөкенов.

Қазпошта өкілі компания­ның көліктер паркін жыл са­йын толықтырып отырғанын атап өтті. Өткен жылы ол әр­түр­лі модификациядағы және жүк көтергіштігі бар 202 жаңа көлік сатып алды: жүк көтер­гіштігі 500 килодан 8 тон­наға дейінгі толық металдан жасалған және өндірілген фургондар, қазақстандық құрастырылымның броньды және жеңіл автокөліктері. Бұл Қазпошта көлік құралдары паркінің тозуын 62,1%-дан 45,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұдан бұрын 2020 жылы 64 жаңа машина сатып алынды. Енді жаңа арнайы техника магистралдық маршруттарға шығады.

«КАМАЗ-54901 магист­рал­дық тартқышы – мүлде жаңа деңгейдегі көлік. Бұл модель­де эргономика жақсарды, каби­наның ішкі кеңістігі ұлғай­тылды, заманауи компоненттер мен жинақтар қолданылды, стильді және заманауи дизайн қолданылды. Трактордың ресурсы 20%-ға 1,2 млн км-ге, ал қоз­ғалтқышы 1,5 млн км-ге де­йін ұл­ғайды. Қызмет көр­сету ара­лығы 1,5 есеге – 120 мың км-ге дейін ұлғай­тылды. Біз­дің КАМАЗ жүк көліктері Қаз­пош­­таның пошталық бағыт­тары­мен жүретініне қуаныш­тымыз», деді «КАМАЗ Инжи­ниринг» АҚ бас директоры Сергей Кистин.

Жаңадан 26 магистралдық трактор сатып алу «Өнеркәсіп­ті дамыту қоры» АҚ арқылы қар­жылық лизинг арқылы жүзеге асырылуда.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20