Білім • 28 Ақпан, 2022

Көшбасшы университеттер анықталды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академиялық адалдық лигасы «Атамекен» ҰКП деректері негізінде Қа­­зақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингісін таныстырды. Де­рек­­тер интерактивті аналитикалық мәліметтер тақтасы түрінде ұсы­нылған.

Көшбасшы университеттер анықталды

Жыл сайын кәсіпкерлер пала­тасы қазақстандық жоғары оқу орын­дарына келесі критерийлер бо­йын­ша бағалау жүргізеді. Олар – түлек­тердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы, орташа жа­лақы көрсеткіші және білім беру бағ­дарламасының сапасы. Жиын барысын­да Лига мен «Атамекен» ҰКП өкіл­дері қазақстандық жоғары оқу орын­дарының рейтинг нәтижелерін талқылап, интерактивті сарап­тамалық дешборд ұсынды.

Білім сапасы бойынша үздік он­дық­тың қатарына келесі жоға­ры оқу орын­дары кірді. Олардың қата­рын­да М.С.Нәрікбаев атын­дағы КАЗГЮУ, Қазақстан-Британ тех­ни­ка­­лық университеті, КИМЭП, М.С.Ас­фен­дияров атындағы Қа­зақ ұлт­тық медицина университеті, Халық­ара­лық ақпараттық тех­но­ло­гиялар уни­верситеті, Алма­ты менеджмент уни­верситеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университеті, «Аста­на» медициналық университеті, ­Ы.Ал­­тын­сарин атындағы Арқа­лық педаго­гикалық институты, Қа­рағанды медицина университеті бар.

«Бұл рейтингті құрудың мақ­са­ты талапкерлерге ең жақсы және на­шар университеттердің тізімін көрсету ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін құралдарды ұсыну болды, оның көмегімен талапкер университет сапасының орташа бағасымен танысып, өзіне қызықты университеттердің білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Рейтингтің алғашқы ондығында Академиялық адалдық лигасының мүшелері тұр», деді Академиялық адалдық лигасы хатшылығының же­тек­шісі Яков Воронков.

Ыңғайлы сүзгілердің кө­ме­гімен білім беру бағ­дарламала­рын рей­тингтегі позиция бойын­ша ғана емес, сонымен қатар жұмыс деңгейі, жұмыс іздеу ұзақ­тығы және орташа жалақы сияқты жеке параметрлер бойынша салыстыруға болады.