Аймақтар • 28 Ақпан, 2022

Достығы жарасқан ел

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Достығы жарасқан ел – Қазақстан» деп аталатын халық өнерінің көрмесі ашылды. Көрме қолөнер және кітап қоры атты екі бөлімнен тұрады.

Достығы жарасқан ел

 

Шараның ашылу рә­сімінде сөй­легендер халықтық мұра­ның сақ­талу мәселесі төңіре­гін­де ой қоз­­ғап, жастардың мә­де­ни білі­мін жетіл­дірудің ма­ңызына тоқталды.

– Былтыр Мемлекет басшысы 2022 жыл ТМД елде­рінің мәдени мұрасы мен ха­лық өнері жылы болады дегені естеріңізде болар. Қа­зақ­станның, жалпы ТМД ел­дері­нің тарихында ха­лық­тық өнер­дің орны ерекше. Қа­зіргі технология дамыған заманда, әсіресе жас­тар жағы халық­тық өнердің қайнар көз­дерінен сусындап өсуі керек, – деді А.Бай­тұрсынұлы атын­да­ғы ҚӨУ профессоры Дмитрй Лег­кий.

Көрмеге Қостанай өңірінде өмір сүріп жатқан 17 этностың мәдениеті мен өнер тарихынан кең мағлұмат беретін құнды кітаптар қойылған. Олар­дың біразы қостанайлық қалам­гер Светлана Петрованың жеке кітапханасынан әкелініпті.

– Мен жеке коллекциямнан алынған кітаптардың ішіндегі ең құндысы – 1975 жылы жа­рық көрген «Қыз Жібек» жыры. Бұл – мәңгілік махаббат дас­таны. Одан кейінгі кітабым халықтар достығын дәріптейді. Бұл та­қырып бүгінгі таңдағы ең өзекті та­қырып деп санаймын, – деді кітаптар­дың иесі.

Аталған көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады. Кі­тап­­хана ұжы­мы жазға қарай дос­тық көрмесінің көшпелі түрін ұй­ым­­дастырып, облыс аудандарын ара­лап шығуды жоспарлап отыр. 

 

ҚОСТАНАЙ