28 Наурыз, 2014

Шешенстанда энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-napitki-1

Шешенстан республикасының парламенті энергетикалық сусындар сату мен таратуға заңды түрде айыппұл енгізді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС тілшісіне республика Жиыны баспасөз қызметі хабарлады. Отырыста энергетикалық сусынды бүкіл Ресей территориясында сатуға толық тыйым салу жөнінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды. «Бүгін парламент «Шешен республикасының «Алкогольсіз және әлсіз алкогольді салқындатушы сусындарды бөлшек сауда саласында сату мен таратуды шектеу» туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарады. Түзету аталмыш заңды бұзғандардан әкімшілік жауапкершілік талап етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті баспасөз қызметі. Шешенстан аумағында энергетикалық сусындарды сату мен таратуға салынатын айыппұлдардың көлемі 1,5 мың рубльден 2 мың рубльге дейін барады. Бұл мөлшер лауазымды тұлғалар үшін 3 мыңнан 4 мыңға дейінгі аралықты қамтиды. Бұған қоса, заңды тұлғалар үшін 30-40 мың рубль көлемінде айыппұл салып, тауарларды тәркілеу қарастырылған. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: ИТАР-ТАСС/Григорий Сысоев.