Әлем • 28 Ақпан, 2022

Франция Ресей авиациясы үшін әуе кеңістігін жапты

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Ресейдің Украинадағы операциясына наразылық ретінде өзінің әуе кеңістігін ресейлік авиация үшін жапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Франция Ресей авиациясы үшін әуе кеңістігін жапты

Бұл туралы көлік министрі Жан-Батист Гебарри хабарлады.

Бұған дейін Франция Министрлер кабинетінің ресми өкілі Габриэль Аттал француздың Inter радиосына берген сұхбатында Франция Украинаға әскери контингент жіберуді жоспарламайтынын мәлімдеген.

Аттал Президент Макронға Украина Президенті Владимир Зеленскийдің сұрағанындай, Францияның Украинаға әскери заттармен қолдау көрсететінін атап өтті.