Футбол • 28 Ақпан, 2022

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті тағайындалды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Бұл туралы қауымдастық мүшелерінің дауыс беруі өткеннен кейін ҚФФ конференциясында белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша Әділет Барменқұлов қажетті дауыс санын жинап, Ұлттық футбол федерациясының президенті болып сайланды.

Бұл лауазымға бірнеше адам үміткер болды: Әділет Барменқұлов (14 дауыс), Ерлан Жарылқасынов (0 дауыс), Берік Қаниев (11 дауыс), Давил Лория (1 дауыс) және Қайрат Оразбеков (0 дауыс).

ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбеков пен ҚФЛ президенті Олжас Абраев үміткер ретінде тіргелгенмен кейін өз кандидатураларын қайтарып алды.

Аяна Тоғанбек