28 Наурыз, 2014

Белгілі кісілердің балаларынан жол апаты үшін қатаң сұралады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-nursultan_nazarbaev_bnews.kz -1

Бейсенбі күні оңтүстік астанада Алматы қаласының дамуына байланысты кеңес өткізген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаушылық білдіре келіп, жол-көлік оқиғасын жасаған танымал кісілердің балаларын заңға сай қатаң жазаланулары тиіс екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады. «Ерекше атап өткім келеді – танымал адамдардың балалары мен туыстарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Заңның алдында бәрі тең, сондықтан мұндай жағдайларда балаларды да, ата-аналарын да мейлінше қатаң жазалау қажет», – деді Президент. Мемлекет басшысы қаладағы криминогенді ахуалға тоқталып, Алматыда 53 мың қылмыс тіркелгенін, оның 80 пайзының ашылғанын, бірақ жасөспірімдер арасында қылмыстың артып отырғанын айтты. Соған байланысты әкімдіктің өтінішімен ішкі істер департаментінің штаты айтарлықтай ұлғайтылды, дегенмен 500 орын әлі бос күйінде. Президент Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Жиын барысында қаланың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мегаполисті дамыту мәселелері әрқашан мемлекеттің назарында болатынын айтты. Жиын соңында Алматы әкімі Мемлекет басшысының қолдауы арқасында қала экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторында даму қарқынына ие болғанын және осы қарқынды сақтау үшін күш салынатынын атап өтті. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Ақорданың сайты. Фото: www.uralskweek.kz.