Медицина • 28 Ақпан, 2022

Өткен жылы денсаулық сақтау саласында 71 жемқорлық фактісі тіркелген

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы денсаулық сақтау саласында 71 жемқорлық фактісі тіркелген. Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында министр Ажар Ғиният осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Өткен жылы денсаулық сақтау саласында 71 жемқорлық фактісі тіркелген

«Мемлекет басшысы «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды. Осыған байланысты өңірлердің қажеттілігіне талдау жүргізіліп, нормативтік база мен ақпараттық жүйелер пысықталады. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, 2025 жылға дейінгі басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламасы бекітіледі», деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексерулері медициналық жабдықтарды сатып алу ведомстводағы бюджет қаражатын жымқырудың негізгі көздерінің бірі екенін көрсеткен.

«Жалпы 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзу фактісі анықталды. Сондай-ақ, медициналық қоспаларды төлеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғаны байқалады. Мониторингілік топтардың жұмысында заңсыздықтар анықталды. Вакциналаудың жалған электрондық паспорттарын беру фактілері тіркелгенін білесіздер. Ондай санаттағы заңсыздықтар әсіресе Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында, Түркістан, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарында жиі тіркелді. Салада сыбайлас жемқорлық көріністерімен ымырасыз күрес саясаты жалғасатынын айтқым келеді», деді министр.