Коронавирус • 01 Наурыз, 2022

Қазақстанда коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды

27 ақпандағы мәлімет бойынша 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (21 798 КВИ+ және 1 114 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 2 592 пациент стационарда,
  • 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 184 адамның жағдайы ауыр,
  • 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 63 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 385 399 адам, 2-компонентін 8 991 492 адам салдырды.