28 Наурыз, 2014

Полицейлер бір ай бұрын жоғалған балаларды тапты

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31-10-13-poisk-1

Алматы облысының полицейлері бұдан бір ай бұрын жоғалдыға саналған екі жасөспірімді тапты. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлады. «Үстіміздегі жылғы 28 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында тұратын кәмелетке толмаған Дәулет Дәукен мен Тынышбек Аббатов Алматы қаласына кеткен жерінен ізім-қайым жоғалып кетті», - делінген Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. «Балалардың ата-аналары екі тәуліктен кейін Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне көмек сұрап келеді. Ресми шағым жасалғаннан кейін полицейлер жоғалған балаларды іздеуге өз күштерін ғана емес, сонымен бірге жергілікті жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерін тартты», - делінген хабарламада. Полицейлер айтқандай, жоғалған жасөспірімдер оқта-текте өзінің достары мен туған-туыстарына байланысқа шығып тұрған. Бірақ телефон нөмірін жиі ауыстырып тұрғандықтан, олардың қайда жүргендерін тап басып табу қиынға түскен. Полицейлер екі рет балалар жалдап тұрған пәтерлерді де тауып барған. Алайда, сол кезде олар бұл жерлерден кетіп қалған болды. «Іздеуде жүрген балалардың айтуларынша, бұл уақыттың бәрінде олар біреуінің үйінен ата-ананың рұқсатынсыз алып кеткен ақшаға (9 мың долларға жуық) өмір сүрген. Полицейлер жедел жолмен жасөспірімдердің тұрған жерлерін тауып, оларды Алматыдан Астанаға кетпек болып тұрған кездерінде қолға түсірді», - деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Мәлім болғандай, қазір балалар үйлеріне жеткізілген. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: NewTimes.kz. Фото: www.idrive.kz.