Жасы келген бір қарт атамыз үйінің алдында үнемі арпалысатын ақ-қара екі итіне көз алмай, қарап отырады екен. Күндердің күнінде немересі: «Ата, мына иттердің үйімізді қорғауға біреуі де жетпей ме, неге екеуін ұстаймыз?» – деп сұрапты. Сонда: «Бұлар мен үшін екі таңба, балам» дейді. «Ненің таңбасы?» дегенде: «Жақсылық пен жамандық. Осылар секілді ішімде үнемі күрес жүріп жатады. Бұларға әр кез көзім түскен сайын жақсылық пен жамандықты ойлаймын. Сондықтан екеуін қатар қасымда ұстаймын», депті. «Қайсысы жеңіп шығады?» деген сауалға: Мен қайсысына көп тамақ берсем, сол жеңімпаз!» деген екен. Сол тәрізді, ғалымдарымыздың: «Біреуге жасаған жақсылығыңды, біреудің жасаған жамандығын ұмыт», дегені бар. Әлбетте, бүгінгі адамзат екеуін де ұмытпайды. Дүниені теріс жаққа бұрып, өзіне-өзі қарсы шығып, жақсылығын жырдай, жамандығын дардай ететіндер бар. Қалса, міндет не болмаса пұлдайды. Ал, жақсылықтың аты – жақсылық. Ол – маңызды ғұмыр, мәнді тәрбие. Мына бір ғалым дәрігердің басынан өткерген оқиғасы расымен де көзге жас үйіреді. Мектепті алтын белгімен тәмамдаған ол үлкен қалаға оқуға түседі. Әке-шешенің мойнына салмақ түсірмеудің амалымен демалыс күндері базарда қосымша табыс көзімен айналысыпты. Біреудің кәкір-шүкір заттарын саудалауға көмектеседі екен. Күндердің бір күнінде далада дауыл тұрып, саудасы жүрмей, еңсесі түсіп, жейтін тағамына қаражат таппай, өзі әбден ашығады. Амалсыздан, біреуден бір үзім нан сұрауға көшеді. Көше бойындағы әдемі үйлердің біреуінің есігін қақса, ақша жүзді ажарлы келіншек есік ашады. Жігіт шөлдегенсіп, одан бір кесе су сұрайды. Келіншек: «Күте тұрыңыз» деп үй ішіне кіріп кетеді. Содан екі ыстық күлше мен бір кесе жылы сүтті мұның алдына әкеп тосады. Іштегі шұрылды басу үшін, ұялса да бергенін сол жерде жеп алады. Мейіріміне риза болған ол, ақысын өтеу үшін: «Рахмет! Үйіңізде не болмаса бақшаңызда қандай да бір тірлік болса, айтыңыз, тындырып берейін», дейді. «Қажет емес, Алла тағала игілікті ешқашан жақсылықсыз қалдырмайды» деген келіншектің сол бір сөзіне тамсана, үйіне қайтады. Содан апта, күндер, жылдар өтумен оқу да бітеді, білім жинақталынып, қалалық ауруханаға орналасады. Кейініректе білдей бір бас дәрігер болады. Үйленеді. Балалары өсіп, отбасы қамы, күнделікті жылжыған өмір. Ежелгі медицинамен шұғылданып, өз талабымен үйренген біліміне орай қалаға қарасты әрбір өңірлерден үміті қарайған науқастарды қабылдайтын да еді. Бір күндері бірнеше жерде ем алғанымен, екі аяғынан сал дертке ұшыраған бір науқас алдына келеді. Елде болса да, келбетті әйелдің науқастан шаршаған солыңқы жүзі, үмітсіз көзі оған бірден таныс көрінеді. Мән-жайын біліп сөйлескенде, расында сол баяғы бір кесе сүттің иесі екенін біледі. Алайда, оған ештеңені білдірместен, палатадан шыға сала: «Қалайда көмектесуім керек!» деген алып-ұшқан ойы дәрі-дәрмектердің қымбат құнын ескермей, шетелдерден алдыртып, ем жүргізе бастайды. Күндер өте жақсарған науқас бойын көтереді, аяғынан тұрады. Ай өте келе, толықтай жазылып, үйіне қайту кезеңі келеді. Бала-шағасы анасының бұл жақсаруына қуанып, аймалап, сүйіп жатқанымен, ем қонған жанның жүзінде белгісіз қорқыныш тұрады. Өйткені ол өзіне жасалған емнің ақысы өте қымбат екенін сезеді. Мұның бәрін сырттай бақылаған дәрігер қызмет палатаға барып, сондағы жастық шағы, бір кесе сүт пен ыстық күлше, оның мейірімді жүзі есіне оралып, күлімдеп отырып, ем-шара құжатының төменгі жағына бір жол сөз жазады. Бөлмеге енгенде, үрейін жасырған сүт иесі тек қана күлімдеп қарсы алғанымен, діріл қаққан қолына ұсынылған құжаттағы тізімнің соңына дейін салқын тартқан жүзі кенеттен бұлт арасынан шыққан күндей жарқырап сала береді. «Ақша жүзді бейтаныс жан, еміңіздің ақысын бір кесе сүтпен сіз баяғыда өтегенсіз!» деген дәрігердің сөзіне парлаған ыстық жасы көпке дейін тоқтамайды.
Мінекей, қандай да бір үлкенді-кішілі, азды-көпті жасаған жақсылықтың қайырымы әрдайым бары хақ. Тура осылайша, жамандыққа да алатын ақымыз жамандық. Сондықтан, бар мүмкіндікті айналамызға кесірі тимейтіндей, өзімізбен өзгеге игілігін беретіндей етіп жасағанымыз абзал. Жақсылықтың арты жақсылық, жамандықтың соңы жамандық болса да, жақсылық та өзіңе, жамандық та өзіңе. Алла тағала жүрегімізді жақсы еткей. Әумин!
Нұрлан қажы АСАНОВ,
Шығыс Қазақстан облыстық
мешітінің бас имамы.
ӨСКЕМЕН.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026