Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Техникаң қайда, «ҚазАвтоЖол»?

376 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Соңғы жылдарда облыс тұрғындары тарапынан үлкен авто­жолдардың уақтылы тазаланбауына қатысты наразылық көп.

Техникаң қайда, «ҚазАвтоЖол»?

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Темір тұлпар иелері, әсіресе Павлодар – Нұр-Сұлтан бағы­тын­дағы автобанды ақ ұлпа жиі басып қалатынын, салдарынан діт­теген жерлеріне кешігіп жететінін жиі айтады. Жол таза­лығына жауапты мекемелер техникадан таршылық көріп отыр ма?

 

Биыл қаһарлы қыс Павлодарға ақпанда аяқ басты. Табиғат-Ана коммуналдық қызметке жауапты мекемелерге жәрдемдесіп-ақ тұр. Әйтпесе, жылда осы уақытта тозған жылу құбырлары жарылып, уақтылы қардан тазаланбаған жолдар жабылып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын. Босаңсуға жол жоқ. Қыстың қызығы мен шы­жығы әлі алда.

Жолаушылардың аманатын ар­қалап, республикалық ма­­ңызы бар жолдарды күтіп-ұс­тау­ға жауап­ты «ҚазАвтоЖол» ұлт­­тық ком­па­­ния­сы» АҚ-ның Пав­­ло­дар об­лыс­тық филиалына ха­барластық.

– Биыл қысқы маусымда Пав­лодар – Нұр-Сұлтан бағытында­ғы автобан әзірге бір-ақ рет жабылды. Шамамыз келгенше қар­ды уақтылы тазалап, көлік қоз­ғалысын тежемеуге тырысамыз. Өкінішке қарай, жұмысымыз кө­рінбей жатады. Жол жабылғанда шағым қарша борайтыны рас. Тұрғындар кез келген жағдайға түсіністікпен қараса деген тіле­гіміз бар. Жалпы, қар басып қа­латын учаскелер әрдайым назарда. Байқағанымыз, біздің техникалар тазалап өткен аумақты 10 минут­тан кейін қайтадан қар басып қа­лады. Сол себепті техникалар таң­нан кешке дейін жағдайды ба­қы­лауда ұстап отыр. Облыс аумағындағы республикалық ма­ңызы бар жолдардың ұзындығы 1 662,8 шақырымға тең. Бұдан бө­лек, 29 көпір және жол айнал­ма­ларының, 610 су өтетін құбыр­­лардың жағдайына жауап бере­міз. 25 ақпанда түстен кейін об­лыстың барлық аумағы­на жа­быс­қақ қар түскені белгілі. Дереу бар­лық күш­ті жұмылды­рып, екі ауысым­мен жұмыс істеп, жолдар уақтылы тазаланды. 80-ге жуық техника тартылды. Жал­пы, иелігімізде 108 техника бар. Бұдан бөлек, жергілікті жердегі ауыр техникалары бар азаматтармен келісімшарт жасалғанын атап өткен жөн, – дейді ұлттық компанияның облыстық филиалы директоры Ермұрат Нұрханов.

Қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстауға 7 ДЭУ және 5 ДЭП жұмылдырылуда. Былтыр тех­никаның жеткіліксіздігі салдарынан қар құрсауында қалған кейбір учаскелерде проблемалар болғанын жасырмайды филиал басшылығы. Әзірге ұлттық компания қажетті техникамен толық­тай қамтамасыз етуге қауқарсыз сияқты. Мәселені түпкілікті шешу үшін қар ұстайтын қоршаулар­дың салынуы да маңызды. Әзір­ге автобанның 2-3 учаскесінде ғана қоршаулар бар екен. Ал­да­ғы уақытта қар ұстайтын қоршау­лардың саны артып, сәйкесінше жолдағы жағдайдың реттелетініне сенім мол.

Өткен қыста аяздың салда-
ры­нан аймақта бірқатар жолаушылар автобусы жолда қалып қойған еді. Құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, ешқандай оқыс оқиға орын алмады. Биыл аяз ашуына мінген жоқ. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, бұл іске жауаптылар кез келген жағдайға дайынбыз деп нық сеніммен отыр. Белгілі бол­ғандай, әр ДЭУ мен ДЭП аума­­ғында жылыту бекеттері бар. Жол бойында сервистік қызмет көр­сететін орындардың басшылары да қиын кезде қол ұшын созу­ға әзір. Жалғыз жолаушыларға ғана емес, көліктерге арналған жы­лу бокстары қарастырылған. Онда қолайсыз ауа райы күндері жолда қалып қойған техникалар жөнделеді.

ДЭУ-61 учаскесінің басшы­сы Олег Левченко қысқы маусым ойдағыдай өтіп жатқанын айт­ты. Десе де, техниканың жеткі­лік­сіз­дігі байқалатынын жасырмады.

– Біз «Қызылорда – Павло­дар» автожолының 120 шақырымын, «Ленин – Ақсу» жолының 25 ша­қы­рымын және «Ленин – Ертіс» авто­жолының 43 шақырымын күтіп-ұстауға жауаптымыз. Иелі­гімізде 13 техника бар. Оның алтауы – аралас жол машиналары. Аталған техникалардың көп­тігі артық етпейді. Былтырғы қысқы маусымға көз жүгіртсек, тех­ника­лардың жеткіліксіздігі бай­қал­ды. Басшылық бұл мәселені ше­шуге уәде берді. Биыл ақ ұлпа аз түсті. Әзірге ешқандай проб­лема жоқ. Былтыр жолда қалған екі авто­бустың жолаушыларына тиіс­ті көмек көрсетілді. Учаскеде 10 орындық жылыту бекеті бар. Асхана жұмыс істейді. Қысқа­сы, техника мәселесі шешілсе бол­ғаны, – дейді О.Левченко.

Өткен қысқы маусымның қо­ры­тындысы бойынша облыста 158 қар ұстайтын учаске анықталды. Биыл қысқы маусымға дейін бар­лық учаскелерде тиісті шара­лар қолға алынған. Мәселен, Ақто­ғай ауданына қарасты Мүт­кенов ауылы маңындағы жол учас­кесінде (Ленин – Ертіс – Русская Поляна автожолының 79-84 ша­қырымы) «Дендра» ЖШС 18 гектар жерге терек пен қарағаш тұ­қым­дарын еккен. Жаңа әдіс жа­бындау (мульчирования) деп аталады. Бұдан бөлек, Ақтоғай – Шолақсор бағытындағы жолдың 55-56 шақырымында ұзындығы 600 метрді құрайтын қалқан орна­тылған. Шақат – Шығыс – Шал­дай автомобиль жолының 36-38 шақырымында терек пен үйеңкі ағаштары отырғызылған.

Бұл салада мол тәжірибесі бар, жол саласының құрметті арда­гері Амангелді Табаевтың айтуынша, «ҚазАвтоЖол» ұлттық ком­паниясының барлық облысты тех­никамен жарылқауға шамасы жетеді. Десе де, барлық мәселе тех­­никаға ғана тірелмейді.

– Былай қарасақ, техника­мен қарды тазалау оңай шаруа сияқ­ты. Десе де, жол тазалаудың арнайы технологиясы бар. Онда қай уақыт­та қандай техника қай жерді таза­лайтыны көрсетілген. Боранды күндері жолдардың барлығын қар баспайды. Жиі қар құрсауында қалатын учаскелер болады. Оның сызбасы жолды күтіп-ұстауға жа­уапты мекеме өкілдерінің қо­лын­да бар шығар. Өкінішке қа­рай, бізде бұл істің қыр-сырына қа­нық білік­ті мамандар тапшы. Сал­дары­нан жолды тазалау технологиясы дұрыс қолданылмайды. Біздің уақытта қазіргідей жаңа тех­никалар болған жоқ. Соның өзін­де совхоздардағы техникасы бар азаматтармен келісімшартқа отырып, жолды уақтылы тазалай­тын едік. Аяғымызға пима киіп алып, күні-түні жолдың жа­йын ба­­қылауда ұстадық. Жасы­ра­ты­­ны жоқ, қазір жолды күтіп-ұстау­ға жа­уапты ма­мандар жылы ка­би­неттерінен шық­пайды. Жағ­дай­ды өз көзімен көріп, бақылауда ұс­та­­мағандықтан, мердігерлер өз жұ­мы­сын шала орындайды. Бұл өз ке­зе­гінде тұрғындардың шағым түсі­руіне алып келеді, – дейді А.Табаев.

Көлік иелерін алаңдатып отыр­ған тағы бір мәселе – көктайғақ­пен күрестің әлсіздігі. Салдарынан кө­лік апаты жиі тіркеліп, баратын жеріне уақтылы жете алмайтындар көп. Түсінгеніміздей, боран соқса да, көктайғақ болса да тех­никаның жеткіліксіздігі алдан шығады. Көрші Ресейде арнайы арақашықтық бекітіліп, әр учас­кеде жолды тазалауға техникалар сақадай сай тұрады дейді ол жаққа жиі қатынайтын жүргізушілер. Бізге де осындай әдіс қолдану керек шығар.

Осылайша, «ҚазАвтоЖол» ком­­паниясы өз дәрменсіздігін тех­ника­лардың жетіспеушілігімен, ауа райының жиі құбылуымен жа­сырғысы келетін сыңайлы. Үлкен жолдың аты үлкен жол. Бұл жерде көлік ағыны уақыт өт­кен сайын көбеймесе, азаймасы анық. Тұрғындар жолға жауапты кәсіп­орын өзінің алдағы жұмыс стратегиясын өзгертіп, жолдарды тұрақты түрде тазалап отырудың әдісін, жүйесін ойлап табуға тиіс деген пікірде.

 

Павлодар облысы