Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев партиялық аппаратты орталықсыздандыру туралы айтты. Орталық аппарат дамудың негізгі векторларын белгілеп, ортақ идеологияны, қандай да бір деңгейлік іс-шараларды әзірлеуге тиіс. Ал жергілікті орындарда нақты мәселелер шешілуге тиіс екендігі айтылды. Егер ол мәселелер республикалық және жүйелі сипатқа ие болса, Парламент деңгейіне шығарылуы керек.
Президент партия өкілдеріне бұдан былай депутаттық сауалдармен шектелу аздық ететінін дипломатия тілімен ұғындыра алды. Партия мүшелеріне – сайлау арқылы Мәжіліске, мәслихаттарға өткендерге сайлаушылармен тікелей тілдесу керек. Екі арадағы қарым-қатынас пікірсайыс арқылы өтуі керек. Яғни мұндай транспаренттілікті, депутаттардың немесе бастауыш партия ұйымдары басшыларының рейтингілері арқылы енгізуге болады. Бұл партияның жұмысын айқын етеді. Саясаттың қалыпты ережелеріне сәйкес әрекет етудің, адамдармен, журналистермен, қоғам өкілдерімен сөйлесуден қорықпаудың қажеттігі туындап отыр. Ең маңыздысы, Қазақстан саясатына жариялылық оралады.
Никита ШАТАЛОВ,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы