Пікір • 02 Наурыз, 2022

Айтылған бастамаларға – басты назар

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Менің ойымша, қоғамның басты назары қай кездегідей партияның аты өзгергеніне ауып отырған сияқты. Негізі бірінші кезекте Президент айтқан бастамаларға назар аудару керек.

Айтылған бастамаларға – басты назар

Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пар­тиялық аппаратты орталық­­сыз­дандыру туралы айтты. Орталық аппарат да­му­дың негізгі вектор­ларын бел­гілеп, ортақ идеология­ны, қандай да бір дең­гей­лік іс-шара­ларды әзірлеуге тиіс. Ал жер­гілікті орын­дарда нақты мәселелер ше­шілуге тиіс екендігі айтылды. Егер ол мәсе­­лелер республикалық және жүйелі си­патқа ие болса, Парламент деңгейіне шығарылуы керек.

Президент партия өкілдеріне бұдан былай депутаттық сауалдармен шектелу аздық ететінін дипломатия тілімен ұғындыра алды. Партия мүшелеріне – сайлау арқылы Мәжіліске, мәслихаттарға өткендерге сайлаушылармен тікелей тілдесу керек. Екі арадағы қарым-қатынас пікірсайыс арқылы өтуі керек. Яғни мұндай транспаренттілікті, депутаттардың немесе бастауыш партия ұйымдары басшыларының рейтингілері арқылы енгізуге болады. Бұл партияның жұмысын айқын етеді. Саясаттың қалыпты ережелеріне сәйкес әрекет етудің, адамдармен, журналистермен, қоғам өкілдерімен сөйлесуден қорықпаудың қажеттігі туындап отыр. Ең маңыздысы, Қазақстан саясатына жариялылық оралады.

 

Никита ШАТАЛОВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы