Пікір • 02 Наурыз, 2022

Өзгерістер күтіледі

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Партияның кезектен тыс съезінде ұйымның атауы ғана өзгертіліп қоймай, тың серпіліс алып келетін заман талабына сай тәсілдер мен жаңа реформалар жарияланды.

Өзгерістер күтіледі

Суретті түсіргендер А.Дүйсенбаев, Ғ.Өмірбеков

Сондықтан партияның қалай өзгеретіні туралы көп айтылды. Бірақ бірінші кезекте, менің ойымша, партия «аз болса да нәтижелі өзгеру» қағидаты бойынша өз­геруде. Барлық бюрократиялық аппарат азаяды, кеңестердің барлық түрінің саны қысқарады. Оның орнына әркімнің жеке жауапкершілігі, әсіресе басқарушы құрамның, соның ішінде өз бағыты бар Бюро мүшелерінің жауапкершілігі артпақ.Барлық деңгейде басшылық құрам партия қызметіндегі нақты шаралар мен бағыттар үшін жауап беретін болады.

Екіншіден, бастауыш партия ұйым­дарының дербес болуына және нақты істер атқаруына мүмкіндік туды. Яғни бұрын барлық партиялық ұяшық жарналарды партия аппаратына жіберетін болса, енді бұл жарналардың 20%-ы партиялық ұяшықтарға қайтарылады. Сол қаражатты олар басқара алады және өз деңгейіндегі нақты бір қызметті жүзеге асыра алады. Мұның бәрі бірінші кезекте орын алған алшақтықты жою немесе партияның Қазақстан халқынан алыстап кеткенін реттеу мақсатында жасалуда. Ол үшін түрлі алаңдар ұйымдастырылады. Ең бастысы, партия мүшелері, партия басшылығы бірінші кезекте халықпен тікелей жұмыс істейтін болады.

Менің ойымша, тағы бір маңызды және заманауи ұсыныс – қандай мәселелер жиі кездесетінін, қайсысы ең өзекті еке­нін бағалау үшін BIG DATA қолдану. Пар­тия дәл осы мәселелерді шешуі тиіс.

 

Ләззат ҚАЛТАЕВА,

Сенат депутаты