Жапония астанасы Токио қаласындағы «Сайтама» кешенінде ұйымдастырылатын бокс кеші енді тоғызыншы сәуірде өтпек. Бұл туралы ESPN қызметкері Майк Коппинджер ақпарат таратты.
Әуелде 2021 жылдың желтоқсанында қолғап түйістіруге тиіс болған екі мықтының арасындағы шайқас енді Геннадий Головкиннің мерейтойымен сәйкес келіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні Геннадий Головкин 40 жасқа толады.