29 Наурыз, 2014

Күн тәртібі нақтыланды

1 мин
оқу үшін
Кеше палата Спикері Нұр­лан Нығма­­­­тулиннің төраға­лығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыс­та қара­латын мәселелер анық­­талды, деп хабарлады Мә­­жілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың қарауына Еуразия эконо­­­­микалық қоғам­­­­дас­тығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бір­ыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жоюға қатысты заң жобасы, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы ара­сындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады. Күн тәртібі жобасында ішкі істер органдары туралы заң жобасына қатысты Сенат енгізген түзетулер де қамтылған.
Соңғы жаңалықтар

Семейде саяжай өртенді

Аймақтар • Бүгін, 15:10