Брифингке Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің хатшысы, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, Дін істер агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов қатысты.
Брифинг барысында сөз алған А.Сәдуақасова Ассамблеяның XXI сессиясының күн тәртібімен таныстырды. «Биылғы сессия «Қазақстан-2050: руханилық, әлем мәдениеті және келісім» тақырыбында өтеді. Қазіргі заманғы жағдайдың күрделенгені соншалық, әлемдік қоғамдастықтың бейбітшілік пен келісім орнатуға деген барлық талпыныстарына қарамастан, қақтығысты жағдайлар мен қарама-қайшылықтар бұрынғыдан да көбейіп отыр. Әрине, осындай кездері этностық және діни мәселелерге саяси мазмұн беріліп шыға келетіні белгілі. Демек, әлемнің үлкендігіне қарамастан, адамдар локальді деңгейде жеке қауіпсіздікке, ал мемлекеттер өз қауіпсіздігін нығайтуға әбден мұқтаж», деді. А.Сәдуақасова.
Осылай дей келе, ол қоғам тұрақтылығын сақтау мен ел бірлігін нығайту мақсатын басшылыққа алған Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ, оның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің қызметіне тоқталып өтті. «Биыл Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрылғанына – 5 жыл. Егер, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты – еліміздегі тұрақтылықты, бірлікті сақтау, көпэтносты, көпконфессиялы мемлекеттің ішінде бір орта қалыптастыру, мемлекеттік саясаттың бірізділігін жүргізу десек, Ғылыми-сараптамалық кеңесінің де соған сәйкес өз міндеті бар. 2009 жылы Мемлекет басшысы біздің алдымызда тұрған және сырттан келетін түрлі қауіп-қатерлердің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан бойынша белгілі азаматтар, ғалымдар бас қосып, бірігіп Ғылыми-сараптамалық кеңесі аясында бір мақсат жолында жұмыс істесе деген ниетпен тапсырма берген еді. Міне, осы тапсырма негізінде кеңес құрылды. Қазіргі таңда бұл кеңестің ішінде белгілі ғалымдар мен сарапшылар қызмет етіп келеді. Кеңестің негізгі мақсаты – этносаралық және конфессияаралық қатынастардағы өзгерістерді ғылыми сараптамадан өткізу, алдын ала болжамдар жасау. Себебі, этносаралық сала – бірнеше ғылымның басын қосатын сала. Бүгінде Қазақстанды мекен ететін 100-ден астам этнос өкілі бір қазақстандық ортаны қалыптастырып отыр. Демек, біз елдің бірлігін сақтап отырған елміз, қоғамбыз. Бұл ретте, Ғылыми-сараптамалық кеңесте 10-нан астам ғылыми жобаның тетігі іске қосылды. Қазақстан бойынша әрбір өңірде ғылыми-сараптамалық топтар құрылған. ҚХА-ның еліміздің әрбір аймағында жұмыс істейтін бөлімшелері бар. Бұл ретте, өңірлік жерлердегі этносаясатты жүргізуге ғылыми тұрғыдан қолдау көрсету жұмыстарын ғылыми-сараптамалық топтар атқарып келеді. Олардың саны аз емес. Қазіргі таңда біз Қазақстан бойынша 180-нен астам ғалымның басын қосып, оларды осы бір салаға жұмылдырып отырмыз», деді А. Сәдуақасова.
Ал Н.Калашникова Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі «Алаш философиясы» туралы жобаны қолға алып отырғанын жеткізді. «Біз қазір, ғылыми қоғамдастық болып, оның ішінде Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Бейбітшілік пен достық академиясының қолдауымен, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі жобаларының аясында «Алаш философиясы: толеранттылық, мемлекеттік гуманизм және келісім мәселелері» жобасын қолға алдық. Бұл бірегей жобаның философиялық және тарихи тамыры терең», деді Н.Калашникова өз сөзінде.
А.Әбуов Қазақстан халқы Ассамблеясы ел халқының мүдделерін тоғыстыратын және біріктіретін институт ретінде құрылды деген ойын жеткізді. Бұл ретте ол: «Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өте жоғары деңгейдегі ұйым деп бағаланады. Қоғамда Ассамблеяның қалыптасқан институт ретінде құқықтық нормалары бар және қойылған мәселелерді жүйелі түрде шешіп келеді», деді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің ең басты функциясы – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар, этностық жанжалдарға жол бермеу міндетін ойдағыдай орындап отыр.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
_____________________________
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20