Аталмыш мәселенің маңыздылығы қазіргі заманғы технологиялар білетін және машықтанған мамандарға Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуындағы өсіп отырған сұраныстарға байланысты техникалық және кәсіби білім беру жүйесін қайта құру және жаңғыртылуына орай артып отыр.
Мемлекет басшысы алдағы 2-3 жылда Қазақстанда дуальді техникалық және кәсіби білім берудің ұлттық жүйесін құру міндетін қойып, Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін оны шешу жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.
Мәжіліске «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының үйлестіруші-хатшысы Жамбыл Ахметбеков, «Бірлік» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Төлеген Қуанышев, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев және басқалар қатысты.
Отырыста ел экономикасының түрлі саласына жұмысшы мамандарды дайындау үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру мәселесі де талқыланды. Отырыста сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ДКЖК отырысы соңғы уақыттарда жаңа тұрпатта – Үкімет басшыларының белсенді әрі мүдделі қатысуымен тұрақты түрде, яғни екі айда бір мәрте ұйымдастырылып келе жатқанын атап айтты.
«Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы көкейкесті мәселелерді талқылайтын және оңтайлы шешімдерге келетін, сондай-ақ, олардың іске асуына ықпал ететін үнқатысу алаңына айналып келе жатқанын толық айта аламыз. Бұл коалицияның Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдайтын, оның нақты іске асуы барысында қоғамдық бақылауды жасайтын, халыққа насихаттайтын ынтымақшыл құрылым екендігінің айқын көрінісі», деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары партиялардың, азаматтық институттардың ашық пікір алмасу үлгісімен мәмілеге келуі ғана кемел істерге, халықты бірлік пен тұрақтылыққа бастайтынын атап көрсетті.
Қазақстанда білікті техникалық кадрлардың «қартаю» мәселесі өткір тұрғанын да атап көрсетті.
«Қазақстанда білікті техникалық кадрлардың «қартаю» мәселесі өткір тұр. Индустрияландыруды сәтті жүзеге асыру үшін жас кадрларға тәжірибелі мамандардың тәлімдемесі институттарын енгізу арқылы өндірістегі «ұрпақтар арасындағы үзікті» жою қажет», деді Б.Байбек осы орайда. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, дуальді білім беруді енгізу үшін алдымен құқықтық негіз қалыптастыру қажет.
«Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамада қажетті түсінік аппараты жоқ, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелер қарастырылмаған», деді Б. Байбек.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45