Кәсіпқой бокс • 03 Наурыз, 2022

«Канело» Головкиннің Муратаны жеңетініне сенеді

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канело» Головкиннің Муратаны жеңетініне сенеді

Америкалық журналистермен әңгімелесу барысында Сауль Альварес аталмыш жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті. Журналистердің: «Геннадий Головкин 9 сәуір күні Риота Муратаны жеңетініне сенесің бе?» деген сауалына «Канело»: «Жеңіске жететіндігіне барынша сенгім келеді» деп жауап берді.