«DAZN-мен келісімшарт жасастық. Олар Головкинге қарсы үшінші рет шаршы алаңға шыққанымды қалады. Мен өз тарапымнан келісім бердім. Өйткені жанкүйерлердің бәрі біздің шайқасты көргісі келеді. Уақыт біршама өтіп кетті демесек, фанаттар үшін бұл әлі де өте қызық кездесу саналатыны рас. Сондықтан бас тарта алмадым. Головкинге қарсы өтетін шайқас мен үшін спорттық мәнін жоғалтып, жеке бастың шаруасына айналып кеткен. Өйткені ол екі жекпе-жектен кейін ойына келгенді айтты. Алайда алдағы уақытта кімнің қалай сөйлейтінін көреміз. Жалпы мен оны үшінші кездесуде нокаутқа түсіретін боламын. Алдымен мен Дмитрий Биволды жеңуім керек. Дәл қазір мен осы жекпе-жекпен бас ауыртып жүрмін. Шайқас сәтті өтсе, Головкин туралы әңгімені жалғастырамыз», дейді мексикалық боксшы.
Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуге неліктен келіскені туралы АҚШ журналистеріне айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
Ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 16:40