Қоғам • 03 Наурыз, 2022

«Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізілмек

1253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мерейлі отбасы» конкурсын жаңа ақпараттық форматта өткізілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізілмек

«Биыл «Мерейлі отбасы» конкурсын жаңа ақпараттық форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, отбасылық құндылықтарды дәріптеуде аймақтарда үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталықтары кеңінен тартылады деп жоспарлануда», деді министр.

Сонымен қатар жиында Асқар Умаров қоғамдық сананы жаңғыр бағыттарындағы жұмыстар туралы айтты.

«Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді», деді ведомство басшысы.