Күніш әже осы күнге дейін үйіне келетін бірқатар басылымдарды оқып отырады екен. Өмірде болып жатқан бүкіл оқиғалардан хабардар және осыған қатысты өз тұжырымдары да бар.
– Жұрттың бәрі бұл кісіні «ақ мама» деп кеткен. Анамыз Ресейдегі қысқы ақ Олимпиада күндері кешкі асқа жиналғанда, оқып отырған газеттерін жиыстырып қойды да: «Сочиге баяғыда санаторийге барғанмын» дегенде бәріміз таң қалдық. Ол кісінің ақыл-есі бүтін, санасы ояу, – дейді қызы Светлана Шарафеддинқызы.
Ақылман әжеміз әлі де жасай берсін. Дегенмен, бұл кісінің ұзақ жасап қана қоймай, денсаулығының да зейінінің де зерделі болуының сыры неде екенін сұрамай қалуға бола ма?!
– Анамыздың денсаулығының жақсы болуы – ерік-жігерінің мықтылығында. Кез келген жәйтке күйгелектенбейді. Қандай жағдай болса да, бәрі жақсы болады деп соңын сабырға салып отырады. Дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындайды. Мысалы, осыдан 30 жыл бұрын оған дәрігерлер қуырылған тамақ, майлы сорпа ішпеуге кеңес берсе, оны анамыз 40 жыл бойы бұлжытпай орындап келеді, – дейді балалары.
Күніш Хасанқызы Атырау облысының Теңіз ауданында дүниеге келген. Бала кезінде Астраханьдағы мектеп-интернатта оқыған. Ашаршылық басталған жылдары ол кісі халық ағарту ісіне қызметке келеді. Бұл нәубеттен аман қалған кейуана Ұлы Отан соғысы жылдарында көзі ашық адам ретінде тылда еңбек етіп, алғашқы мемлекеттік марапаттарға ие бола бастаған. Ел есін жинай бастаған 50-ші жылдары Алматыдағы Жоғарғы партия мектебі мен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында білім алады.
Осыдан кейін атқарушы билік саласында табан аудармай 23 жыл халыққа қызмет етеді. Дербес зейнеткерлікке жеткен еңбекқор жан бірнеше рет аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаты болып сайланады.
100-ге келген әженің саясатқа жақындығының сыры осындай. Көзінің ағы мен қарасындай екі қызы Людмила мен Светлана елге сыйлы, зиялы, оқымысты жандардың қатарына қосылды. Немере-шөберелері алдын кесіп өткен емес, әжелеп ақыл сұрап отырады.
Ғасыр жасаған әже әрі құттықтап әрі әкім ретінде жағдайын сұрай келген Алатау баурайындағы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановқа да ақ батасын беріп, алғысын айтып, әдемі дидарласып, шығарып салды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38