3 наурыз күні сағат 09:46-да ТЖД күштері мен құралдары Бостандық шағын ауданындағы Ерменсай, Жәңгір хан көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрт туралы хабарлама алды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт оқпандары іске қосылды.
Қабылданған жедел шаралар арқасында өрт 26 минутта оқшауланып, 10:41-де толығымен жойылды.
«Өрт сөндіруге 10 бірлік техника мен жеке құрамның 30-дан астам адамы жұмылдырылды», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.